Амангелді аудандық сайлау комиссиясының Қаулысы

Амангелді аудандық сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

2020 жылдың 4 тамызына  Амангелді ауданының Қабырға ауылдық округі  әкімінің сайлауын тағайындау  туралы

Қазақстан Республикасының 23 қантар 2001 жылғы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 36-1 бабы, 2 тармағы, 1 тармақшасына сәйкес Амангелді ауданының  Қабырға ауылдық округі   әкімінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты Амангелді аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Амангелді ауданының Қабырға ауылдық округі әкімінің сайлауы  2020 жылдың 4  тамызына тағайындалсын.
  2. Мерзімдер белгіленсін:

1) әкімдікке  кандидаттарды  ұсыну 2020 жылғы  5 шілдеден   9 шілде аралығында;

2) әкімдікке  кандидатарды тіркеу 2020 жылғы  5 шілдеден 19  шілде  аралығында.

3.Қабырға ауылдық округі  әкімінің сайлауын әзірлеуге және өткізуге арналған негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

  1. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 23 қантар 2001 жылғы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес өткізілсін.
  2. Осы қаулы Амангелді ауданының әкіміне және Амангелді аудандық маслихат хатшысына жолдансын.  
  3. Осы қаулы аудандық «Аманкелді арайы» газетінде жариялансын.

 

Амангелді ауылы

23 маусым 2020 жыл

№4

Дата публикации
29 июня 2020