Амангелді ауданының 2023-2025 жылдарға арналған
нақтыланатын Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба
«Амангелді ауданының 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» Амангелді аудандық мәслихатының шешімі аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №147 шешімімен бекітілді.
Аудандық бюджетті нақтылау 2023 жылғы сәуірде жоспарланып отыр.
Аудан бюджетіне түсімдер 3 821 157,9 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 805 828,0 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер – 31 570,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 2 983 759,9 мың теңге;
Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 19 445,0 мың теңге;
Қарыздардың түсімдері – 31 050,0 мың теңге;
Шығындар – 3 835 257,2 мың теңге
Кірістер бойынша 2023 жылғы жоспардың жалпы көлемінде өзгерістер жоқ.
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша келесі бағыттарға жоспарланып отыр:
- Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер. Жылу қазандықтары ғимараттарына трансформаторлар сатып алуға 1 400,0 мың теңге.
- Қорғаныс. Өрт сөндіру құрылғыларын сатып алуға 1 650,0 мың теңге.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Абаттандыру жұмыстары, мал қорымдарын ағымдағы жөндеуге, мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыруға – 5 800,0 мың теңге.
- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк. Мәдени іс-шараларға, ғимараттарға техникалық сараптама жүргізуге, шағын автобус сатып алуға, ағымдағы шығыстарға 11 038,0 мың теңге.
- Көлiк және коммуникация. Жол жөндеу объектлеріне ведомстволық сараптама жасатуға - 620,0 мың теңге.