Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Жасбуын жалпы білім беретін мектебі бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету қорытынды есебі

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

 

Жасбуын жалпы білім беретін мектебі бойынша

Мемлекеттік қызмет көрсету қорытынды есебі

 

Жасбуын жалпы білім беретін мектебінде 2022 жылы мемлекеттік

қызмет адамдардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын

нысандардың бірі. Атқарылатын қызмет электронды үкімет egov.kz веб

порталында электрондық цифрлы қолтаңба көмегімен онлайн тапсырыс

беруге негізделген. Мектебіміздің өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы және

мемлекеттік қызмет бұрышы орналасқан. Информатика кабинетінде арнайы

Электрондық қызметтерді алуға арналған сервистер яғни «электрондық

үкімет» порталы еqov.kz қызмет стендті ілінген. Мектепке оқушылар мен

тәрбиеленушілерді қабылдау электронды және қағаз түрінде жүргізілді.

Шағын орталыққа - 50 тәрбиеленуші қабылданса, 1 сыныпқа - 15 оқушы

қабылданды. Мектепке қабылдау sakura24.kz (Сакура) арқылы

электронды үлгіде қызмет көрсетіліп отыр. «Жалпы білім беретін

мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген

санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтарды ұсыну» мемлекеттік

қызметі sakura24.kz (Сакура) арқылы электронды түрде көрсетілді, ол

үшін тегін және жеңілдетілген тамақтарды алуға құқылы ата-аналармен

түсінік жұмыстары жүргізіліп, тиісті құжаттар жинақтау үшін құжаттар

тізбесі ұсынылды. 2022 оқу жылдарында 50 білім алушы тегін ыстық тамаққа

тартылды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта

және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын,

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша,

мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын

білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім

және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан

өткізу қағидалары мен шарттары бойынша жұмыс жүргізіледі. Жалпы

мемлекеттік қызмет бойынша 2022 жылы 115 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында арыз-шағым фактілері тіркелмеді.

Әр ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету есебі тиісті орынға тапсырылып

отырады.

Дата публикации
03 апреля 2023