Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2023 – 2025 жылдарға арналған
Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба
Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері туралы» Амангелді аудандық мәслихатының шешімі аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №148 шешімімен бекітілді.
Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің бюджеттерін нақтылау 2023 жылғы қаңтарда жоспарланып отыр.
Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2023 – 2025 жылдарға бюджетіне кірістер 805 740,0 мың теңге көлемінде жоспарланып отыр, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 29 080,0 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер – 841,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 100,0 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 775 719,0 мың теңге;
Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 0,0 мың теңге;
Қарыздардың түсімдері – 0,0 мың теңге;
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша жоспарланып отыр:
- Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер. 303 284,5 мың теңге.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. 142 493,0 мың теңге.
- Көлiк және коммуникация. 7 300,0 мың теңге.
- Басқалар. 358 814,0 мың теңге.