Тасты жалпы білім беретін мектебі бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету қорытынды есебі

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

 

 

Тасты жалпы білім беретін мектебі бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету қорытынды есебі

 

Тасты жалпы білім беретін мектебінде 2022 жылы мемлекеттік қызметкөрсету қызмет алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын нысандардың бірі. Атқарылатын қызмет электронды үкімет egov.kz  веб-порталында электрондық цифрлы қолтаңба  көмегімен онлайн тапсырыс беруге негізделген. Мектебімізде өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы және мемлекеттік қызмет көрсету бұрышы  орналасқан. Информатика кабинетінде арнайы Электрондық қызметтерді алуға арналған сервистер, яғни, «электрондық үкімет» порталы еqov.kz қызмет стенді ілінген. 

Мектепке  оқушылар  мен  тәрбиеленушілерді  қабылдау  электронды және  қағаз  түрінде  жүргізілді.  Шағын орталыққа- 2 тәрбиеленуші  қабылданса,  1 сыныпқа- 9 оқушы қабылданды. Мектепке 3 оқушы қабылданды. Даярлыққа 5 тәрбиеленуші қабылданды. Мектепке  қабылдау Sakura  (сакура) арқылы  электронды  үлгіде  қызмет көрсетіліп отыр.

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына  тегін  және жеңілдетілген тамақтарды ұсыну» мемлекеттік қызметі Sakura  (сакура) арқылы  электронды  түрде  көрсетілді, ол үшін тегін  және жеңілдетілген тамақтарды алуға құқылы ата-аналармен түсінік жұмыстары жүргізіліп, тиісті құжаттар жинақтау үшін құжаттар тізбесі ұсынылды. 2022 жылы 27 білім алушы тегін ыстық тамаққа қабылданды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бойынша жұмыс жүргізіледі. Аталған жылы 1  педагогке мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетілді. 

 

Жалпы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2022 жылы  47  қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында арыз-шағым фактілері тіркелмеді. Әр ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету есебі тиісті орынға тапсырылып отырады.

 

Дата публикации
16 января 2023