Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Амангелді аудандық мәслихатының «Амангелді ауданының 2022 - 2024 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №84 шешіміне, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №26238 болып тіркелген, мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Амангелді ауданының 2022 - 2024 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 3 427 243,7 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсімдер бойынша – 572 124,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 14 089,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 2 841 030,7 мың теңге;
2) шығындар – 3 401 476,0 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 29 464,0 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 45 945,0 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 16 481,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 33 750,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 33 750,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 37 446,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –37 446,3 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.