Амангелді ауданының 2023-2025 жылдарға арналған
Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба
2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, 2023-2025 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларының негізінде жүзеге асырылады.
«Қостанай облысының 2023 – 2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №260 шешіміне сәйкес облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 2023 жылға 641 млн. 609 мың теңге сомасында белгіленді.
Аудан бюджетіне кірістер 2 812 386,0 мың теңге көлемінде жоспарланып отыр, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 805 828,0 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер – 31 570,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 1 974 988,0 мың теңге;
Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 19 445,0 мың теңге;
Қарыздардың түсімдері – 31 050,0 мың теңге;
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша жоспарланып отыр:
- Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер. 854 949,0 мың теңге.
- Қорғаныс. 10 235,0 мың теңге.
- Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру. 302 959,0 мың теңге.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. 258 618,0 мың теңге
- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк. 322 746,0 мың теңге.
- Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары. 99 821,0 мың теңге.
- Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі. 54 345,0 мың теңге
- Көлiк және коммуникация. 391 276,0 мың теңге.
- Басқалар. 203 643,0 мың теңге.
- Борышқа қызмет көрсету. 20 991,0 мың теңге.
- Трансферттер. 280 801,0 мың теңге.