Ақпараттық хабарлама
Амангелді ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1 бабына және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес конкурс өткізеді. Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген ереженің 2-тарау 9-тармағына және Жер Кодексінің 43-1 бабының 6 тармағында көрсетілгендей, қайта конкурс Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді ауылы, Дүйсенбина көшесі 38, (Орталық кітапхана ғимараты мәжіліс залы) мекен-жайы бойынша 2022 жылдың 10 қазан күні сағат 15:00-де және 2022 жылдың 18 қазан күні сағат 16:00-де Жер кодексінің 43 бабы 2-тармағына сәйкес жер комиссиясы тұрақты негізде жұмыс істейді. Жер комиссиясы мүшелерінің саны тақ болуға және тоғыз адамнан кем болмауға тиіс. Бұл ретте қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің саны жер комиссиясы мүшелері жалпы санының кемінде елу пайызын құрауға тиіс.
Жер комиссиясының отырысы, егер оған комиссия құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, құқыққа сыйымды деп есептеледі. және жер комиссиясының мүшелері оның отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
Бұл ретте қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдардың және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қатысып отырған өкілдерінің саны 3 адам, жер комиссиясының қатысып отырған мүшелері жалпы саныны 6 адам, яғни жер комиссиясы мүшелерінің саны тоғыз адамнан кем болуы және комиссия құрамының жалпы санының үштен екі бөлігіне жнтпеуіне байланысты құқыққа сыйымсыз деп есептеліп, осы конкурс бойынша кезекті жер комиссиясының отырысы Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді ауылы, Дүйсенбина көшесі 38, (Орталық кітапхана ғимараты мәжіліс залы) мекен-жайы бойынша 2022 жылдың 26 қазан күні сағат 15:00 ге белгіленді.
2022 жылдын 7 қазан күні 18:30 ға дейінгі қабылданған өтінімдерден басқа конкурстық өтінімдер қабылданбайды.