Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2022 – 2024 жылдарға арналған нақтыланатын Азаматтық бюджетіне
түсіндірме жазба
Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттері туралы» Амангелді аудандық мәслихатының шешімі аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №91 шешімімен бекітілді.
Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің бюджеттерін нақтылау 2022 жылғы қыркүйегінде жоспарланып отыр
Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2022 – 2024 жылдарға бюджетіне түсімдер 520 380,2 мың теңге көлемінде жоспарланып отыр, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 18 817,0 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер – 791,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000,0 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 499 772,2 мың теңге;
Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 0,0 мың теңге;
Қарыздардың түсімдері – 0,0 мың теңге;
Шығындар – 524 243,9 мың теңге.
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша келесі өзгерістер жоспарланып отыр.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық.
Абаттандыру жұмыстарына 10,9 мың теңге сомасында шығыстарды бағыттау жоспарлануда.
Елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға 99,0 мың теңге бағыттау жоспарлануда.