Амангелді ауданының 2022-2024 жылдарға арналған
нақтыланатын Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба
«Амангелді ауданының 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» Амангелді аудандық мәслихатының шешімі аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №84 шешімімен бекітілді.
Аудандық бюджетті нақтылау 2022 жылғы қыркүйекте жоспарланып отыр.
Аудан бюджетіне түсімдер 4 524 182,4 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 594 368,0 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер – 6 898,8 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 448,0 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 3 922 467,6 мың теңге;
Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 16 481,0 мың теңге;
Қарыздардың түсімдері – 45 945,0 мың теңге;
Шығындар – 4 498 414,7 мың теңге
Кірістер бойынша 2022 жылғы жоспардың жалпы көлемін 15,5 млн. теңгеге ұлғайту жоспарланып отыр.
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша келесі өзгерістер жоспарланып отыр:
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Көшелерді жарықтандыру жұмыстарына 527,0 мың теңге бағыттау жоспарлануда.
- Көлiк және коммуникация. Ауылдық елді мекендердің көшелерін жөндеу бойынша сметалық құжаттар дайындатуға 3 350,0 мың теңге бағыттау жоспарлануда.
- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк. Коммуналдық төлемге, пандустар орнатуға, ағымдағы шығыстарға 10 253,0 мың теңге бағыттау жоспарлануда.