Сайлау қорытындысы туралы хабарлама

Сайлау қорытындысы туралы хабарлама

2022 жылғы 9 қазанда Амангелді ауданының   ауылдық округ әкімдерінің сайлауы екі  сайлау  округі бойынша  өтті.

Амангелді аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының  Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Амангелді ауданының ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Амангелді сайлау округі

Амангелді  ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4077 азамат енгізілді, оның 3370-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 15, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-12.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жәнділдина Г.М.– 2554; Жұмағалиева Б.Ә.– 465; Қайырбеков Ж.М.-324.

Амангелді ауылдық округінің әкімі болып Жәнділдина Гаухар Мұратқызы сайланды, 1972 жылы туған, Амангелді ауылдық округінің әкімі, Амангелді ауылында тұрады,  «AMANAT” партиясымен ұсынылған.

 

Байғабыл сайлау округі

Байғабыл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 402 азамат енгізілді, оның 352-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Аяпбергенов Қ.С.-21;Зейнолдин А.С..– 294; Молдахметов Е.А.-32.

Байғабыл ауылдық округінің әкімі болып Зейнолдин Асхат Серікбайұлы сайланды, 1986 жылы туған, Амангелді ауылдық округінің әкімі, Байғабыл ауылында тұрады,  «AMANAT” партиясымен ұсынылған.

 

Амангелді аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
10 октября 2022