Аманкелдi ауданы әкiмдiгінiң
2014 жылғы 17 қантардағы №25
Қаулысымен бекiтiлген.
«Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
- Жалпы ережелер
- «Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
- «Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бағынысында құрылымдары жоқ.
- Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
- Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
- Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттi болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- Бөлім өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
- Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
- Бөлімнің заңды мекенжайы: индексі 110200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді ауылы, Майлин көшесі, 18 үй.
- Бөлімнің мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Бөлімнің орыс тіліндегі толық атауы: Коммунальное государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ акимата Амангельдинского района».
- Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
- Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
- Бөлімге кәсiпкерлiк субъектiлермен Бөлімнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актiлермен кірістер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
- Мемлекеттік органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
- Бөлімнің миссиясы – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік саясатты іске асыру.
- Бөлім қызметінің мәні жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
- Бөлім қызметінің мақсаты өзінің құзыреті шеңберінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
- Міндеттері:
1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2) еңбекақы төлемі, әлеуметтік әріптестік, еңбек қатынастары, халықты жұмыспен қамту және еңбек рыногы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызмет және әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру ;
4) әлеуметтік қолдау шараларын көрсету және мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпараттық технологиялардың ақпаратын әзірленуін және енгізілуін ұйымдастыру;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік қызмет көрсету және оның сапасын арттыру.
- Функциялары:
- «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік оңалтуды ұйымдастырады;
- халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;
- мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
- мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етеді;
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соларға теңестiрiлген адамдардың, соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарының санаторлық-курорттық емделуін қамтамасыз етеді;
- мүгедектерді протездік-ортопедиялық және естуге арналған протездік көмекпен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- мүгедектерді әлеуметтік қорғау және мүмкіндіктері шектеулі балаларды медициналық-педагогикалық және түзетулік қолдау мәселелері бойынша барлық мүдделі бөлімдермен өзара әрекет жасайды;
- мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер базасын қалыптастырады;
- халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және оларды іске асыруға қатысады;
- арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылданды;
11) орташа мерзімді кезеңдерге еңбек рыногында мамандар мен жұмысшыларға деген қажеттіліктің талдауын және болжауын жүзеге асырады;
12) еңбек рыногының және халықты жұмыспен қамтудың мониторингін жүргізеді;
13) Бөлімнің құзыреттілігіне енетін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
14) өз құзыреттілігі шегінде кедейлікті төмендету, халықтың өмір сүру деңгейін және табыстарын арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысады;
15) Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
- жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар аясында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді және жоғары тұрған органдарға енгізеді;
- Бөлімнің құзыреттілігіне енетін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдарға мемлекеттік есеп-қисап пен ақпараттық құжаттарды даярлайды және ұсынады;
18) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыруды қамтамасыз ету;
19) қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
20) өз құзыреттілігі шеңберінде гендерлік саясатты жүзеге асырады.
- Құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамамен белгіленген тәртіппен Бөлімнің құқықтары мен мүдделерін соттарда қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
3) ақпараттық-тұсаукесерлік іс-шараларды (бос орын жәрмеңкелері, семинарлар және басқа іс-шаралар), сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
4) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті қосымша ақпаратқа тиісті мемлекеттік органдарға сауалмен жүгінуге;
5) мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
6)мемлекеттік қызмет көрсетудің қол жетімдігін және сапалылығын қамтамасыз ету;
7)мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету;
8)мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету;
9)мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну;
10)заңнамалық белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпаратты ұсыну;
11)мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау болып табылады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған берілген басқа құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
- Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
- Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
- Бөлімнің бiрiншi басшысын Аманкелді ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
- Бөлімнің бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
- Бөлімнің бiрiншi басшысының өкілеттіктері:
1) өз орынбасарының және Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілік шеңберін анықтайды;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін тағайындайды және босатады;
3) Бөлім туралы ережелерді бекітеді, орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
5) Бөлім атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен барлық қарым-қатынастарды Бөлімнің атынан жасайды;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қолданбағаны үшін дербес жауап береді;
8) қызметкерлердің белгіленген еңбекақы төлеу қоры мен саны шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша Бөлімнің қаржыландыру жоспарын, Бөлімнің құрылымын бекітеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
- Бiрiншi басшы өз орынбасарының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
- Бөлім аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
- Мемлекеттік органның мүлкі
- Бөлімде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
- Бөлімге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
- Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
- Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.