Амангелді ауданының 2022-2024 жылдарға арналған нақтыланатын Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба

Амангелді ауданының  2022-2024 жылдарға арналған
нақтыланатын Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба
 
«Амангелді ауданының 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» Амангелді аудандық мәслихатының шешімі аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №84 шешімімен бекітілді. 
Аудандық бюджетті нақтылау 2022 жылғы ақпанда жоспарланып отыр.
Аудан бюджетіне түсімдер 3 427 243,7 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 572 124,0 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер – 14 089,0 мың теңге; 
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 2 841 030,7 мың теңге; 
Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 16 481,0 мың теңге;
Қарыздардың түсімдері – 45 945,0 мың теңге;
Кірістер бойынша 2022 жылғы жоспардың жалпы көлемінде өзгерістер орын алмайды.
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша келесі өзгерістер жоспарланып отыр:
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Ауылдарды абаттандыру жұмыстарына 6 500,0 мың теңге бағыттау жоспарлануда.

 

Дата публикации
10 февраля 2022