Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша
Хабарлама
«Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету қорытынды есебі
«Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 2021 жылы мемлекеттік қызмет адамдардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын нысандардың бірі. Атқарылатын қызмет электронды үкімет egov.kz веб порталында электрондық цифрлы қолтаңба көмегімен онлайн тапсырыс беруге негізделген. Мектебіміздің бірінші қабатында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы және мемлекеттік қызмет бұрышы орналасқан. Информатика кабинетінде арнайы Электрондық қызыметтерді алуға арналған сервистер яғни «электрондық үкімет» порталы еqov.kz қызмет стенді ілінген. Мектепке оқушылар мен тәрбиеленушілерді қабылдау электронды және қағаз түрінде жүргізілді. 1 сыныпқа- 15 оқушы қабылданды. Мектепке 27 оқушы қабылданды. Мектепке қабылдау Smartnashion арқылы электронды үлгіде қызмет көрсетіліп отыр. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтарды ұсыну» мемлекеттік қызметі Smartnashion арқылы электронды түрде көрсетілді, ол үшін тегін және жеңілдетілген тамақтарды алуға құқылы ата-аналармен түсінік жұмыстары жүргізіліп, тиісті құжаттар жинақтау үшін құжаттар тізбесі ұсынылды. 2022 оқу жылдарында 33-білім алушы тегін ыстық тамаққа тартылды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бойынша жұмыс жүргізіледі. Аталған жылы 4 педагогке мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетілді. Жалпы мемлекеттік қызмет бойынша 2021 жылы 75 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында арыз-шағым фактілері тіркелмеді. Әр ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету есебі тиісті орынға тапсырылып отырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша
Хабарлама
Ә Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Мемлекеттік қызмет көрсету электронды форматта » тақырыбында ата – аналар жиналысы өткізілді. Ата – аналарға Смартнейшн қызметтері мектептегі мемлекеттік қызметтің электронды түрде жүргізілетіні жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Орындаған: А Абдикова