Амантоғай жалпы білім беретін мектебі бойынша 2020-2021 оқу жылында мемлекеттік қызмет адамдардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асатын нысандардың бірі. Атқарылатын қызмет электронды үкімет egov.kz веб порталында электрондық цифрлы қолтаңба көмегімен онлайн тапсырыс беруге негізделген. Мектебіміздің бірінші қабатында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық стенді бар және өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.Онда арнайы электрондық қызметтерді алуға арналған сервистер яғни электрондық үкімет egov.kz қызмет стенді ілінген.Мектепке оқушылар мен тәрбиеленушілерді қабылдау электронды түрде және қағаз түрінде жүргізілді.1 сыныпқа 9 оқушы қабылданды және жеңілдетілген тегін ыстық тамақпен қамту Smartnation (смартнэйшн) арқылы а электронды түрде жүргізіліп отыр."Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттарды қабылдау және жолдама беру" электронды түрде қабылданады. Осы күнге дейін қағаз жүзінде қабылданса қазір электронды түрде қызмет көрсетіледі. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қатарына тегін және жеңілдетілген тамақтарды ұсыну Smartnation порталы арқылы іске асырылады, ол үшін тегін жеңілдетілген тамақты алуға құқылы ата-аналармен түсінік жұмыстары жүргізіліп, қажетті құжаттар тізімі ұсынылды. 2020-2021 оқу жылында мектебімізден 40 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Мектептегі мемлекеттік қызметтің бір бағыты -педагогтарды аттестациялау болып табылады.2020-2021 оқу жылында мектебімізде 2 мұғалімге педагог-модератор санаты берілді. Әр айда мемлекеттік қызмет көрсету есебі тиісті орынға тапсырылып отырады.