Құмкешу жалпы білім беретін мектебі бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету қорытынды есебі

Құмкешу жалпы білім беретін мектебі бойынша Мемлекеттік қзымет көрсету қорытынды есебі

 

 

  Құмкешу жалпы білім беретін мектебінде 2020-2021 оқу жылында мемлекеттік қызмет адамдардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын нысандардың бірі. Атқарылатын қызмет электронды үкімет egov.kz веб порталында электрондық цифрлы қолтаңба көмегімен онлайн тапсырыс беруге негізделген. Мектебіміздің информатика кабинетінде арнайы электрондық қызыметтерді алуға арналған сервистер яғни «электрондық үкімет» порталы еqov.kz қызмет стенді ілінген және өз - өзіне қызмет көрсету бұрышы орналасқан. Мектептің бірінші қабатында мемлекеттік қызмет стенді ілініп тұр. Мектепке оқушылар мен тәрбиеленушілерді қабылдау электронды және қағаз түрінде жүргізілді. Шағын орталыққа -43 тәрбиеленуші қабылданса, 1 сыныпқа- 11 оқушы қабылданды. Мектептен мектепке қозғалыс жасап отырған оқушылар саны болған жоқ. Мектепке қабылдау Smartnation (смартнэйшн) арқылы электронды үлгіде қызмет көрсетіліп отыр.

   «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызметі электрондық нысанда жүргізіледі. Бұған дейін өтініштер қағаз түрінде жасалған, ал қазір электронды нұсқа арқылы мемлекеттік қызмет көрсетіліп отыр.

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтарды ұсыну» мемлекеттік қызметі Smartnation (смартнэйшн) арқылы электронды түрде көрсетілді, ол үшін тегін және жеңілдетілген тамақтарды алуға құқылы ата-аналармен түсінік жұмыстары жүргізіліп, тиісті құжаттар жинақтау үшін құжаттар тізбесі ұсынылды. 2021-2022 оқу жылдарында 23-білім алушы тегін ыстық тамаққа тартылды. Әр айдың 25 нен кейін мемлекеттік қызмет бойынша тиісті орынға есеп тапсырылып отырылады.

Мектептегі мемлекеттік қызметтің бір бағыты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына қосымша 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығы негізінде мектептегі мемлекеттік қызметтің бір бағыты- педагогтарды аттестациялау болып табылады. Педагогтарды аттестациядан өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген, ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2021 ж. № 561 бұйрығы негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бойынша жұмыс жүргізіледі. 2021 жылы 1 педагогке мемлекеттік қызмет электронды түрде, 3 педагогтардың портфолиялары екінші кезең бойынша қорғалып, аттестация және сараптама комиссиясында қаралып зерделенді. 2- ші кезеңге өту үшін өтініш беру ХҚКО 1 педагог портфолиосын тапсырды. Педагогтерге қолхат берілді. Берілген қолхаттар білім беру ұйымдарында тіркелді. Комиссия қорытындысы бойынша педагогтардың берілген өтініштері негізінде 3 педагогке педагог- модератор біліктілігі берілді, 1 педагогке педагог- сарапшы санаты берілді. Ережеге сәйкес біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі бұйрық шыққаннан кейін НОБД- ға тіркелді. Осы уақытқа дейін аттестаттауға байланысты қайтарылған құжаттар болған жоқ. Ата аналар үшін Egov порталымен ЭЦП кілті арқылы кіріп, өзімізге қажетті құжаттарды алу жолдары арқылы жұмыс жасалды. Жалпы мемлекеттік қызмет бойынша 2020 – 2022 оқу жылында 102 қызмет көрсетілді Сонымен қатар биылғы 2022 оқу жылында оқушыларға ыстық тамақ берілуге байланысты ата аналарға ключ аштыруға програмист Лаура Сартбай түсінік жұмыстарын жүргізді.

 

    Әр айдың соңында мемлекеттік қызмет бойынша тиісті орынға есеп тапсырылып отырылды.

Дата публикации
01 февраля 2022