Амангелді ауданының 2022-2024 жылдарға арналған
Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба
2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, 2022-2024 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларының негізінде жүзеге асырылады.
«Қостанай облысының 2024 – 2024 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсанындағы №139 шешіміне сәйкес облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 2022 жылға 2 млрд. 263 млн. 888 мың теңге сомасында белгіленді.
Аудан бюджетіне түсімдер 3 393 493,0 мың теңге көлемінде жоспарланып отыр, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 572 124,0 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер – 14 089,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 2 807 280 мың теңге;
Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 16 481,0 мың теңге;
Қарыздардың түсімдері – 45 945,0 мың теңге;
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша жоспарланып отыр:
- Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер. 522 184,0 мың теңге.
- Қорғаныс. 6 979,0 мың теңге.
- Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру. 339 529,0 мың теңге.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. 500,0 мың теңге
- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк. 226 765 мың теңге.
- Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану. 1 088,0 мың теңге.
- Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары. 35 057,0 мың теңге.
- Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі. 17 860,0 мың теңге
- Көлiк және коммуникация. 90 050,0 мың теңге.
- Басқалар. 6 087,0 мың теңге.
- Борышқа қызмет көрсету. 20 989,0 мың теңге.
- Трансферттер. 2 126 405,0 мың теңге.