Амангелді ауданының ауыл, ауылдық округ бюджеттерінің 2021-2023 жылдарға арналған нақтыланатын Азаматтық бюджетіне
түсіндірме жазба
«Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттері туралы» Амангелді аудандық мәслихатының шешімі аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 5 қаңтардағы №427 шешімімен бекітілді.
Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің бюджеттерін нақтылау 2021 жылғы қарашада жоспарланып отыр.
Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің бюджеттеріне түсімдер 240 035,5 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 28 099,9 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер – 751,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 211 184,6 мың теңге;
Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 0,0 мың теңге;
Қарыздардың түсімдері – 0,0 мың теңге;
Түсімдер бөлігі бойынша 1 087,9 мың теңгеге ұлғайту жоспарлануда.
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша келесі өзгерістер жоспарланып отыр: үнемделген қаражаттар абаттандыру жұмыстарына бағытталады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық.