ПРЕСС-РЕЛИЗ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Мемлекеттік көрсетілетін

қызметтердің онлайн

жәрмеңкесі туралы

           

 

         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің ұсынысымен Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл деңгейін арттыруда қолданыстағы тетіктердің бірі мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен тәсілдері туралы халықтың хабардар ету мақсатында Амангелді ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2021 жылдың 19 қазанында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің онлайн жәрмеңкесі өтті. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің онлайн жәрмеңкесінде қатысқан мекемелер: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Амангелді ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесі; Амангелді ауданы әкімдігінің  ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі; Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі; экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі; «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалын қатысты.

         Онлайн жәрмеңкеге қатысқан мемлекеттік мекемелер көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы баяндама оқыды және тікелей эфирде қойылған сұрақтарға жауап берді.

         Кезекті онлайн жәрмеңке 2 қараша 2021 жылы барлық мүдделі мемлекеттік органдарды, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалын қоса отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында интернет платформа (Зум) және әлеуметтік желілер (Instagram, Фейсбук) арқылы әрбір мемлекеттік органның қызметі тақырыбы бойынша ұйымдастырылады. Онлайн жәрмеңкеге қатысатын мемлекеттік мекемелер: Амангелді аудандық орталық ауруханасы; Амангелді және Жангелдин аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі; Амангелді ауданының полиция бөлімі қатысады.

 

 

Амангелді ауданы

әкімі аппаратының

бас маманы                                                                         А.К.Мақатов

Дата публикации
20 октября 2021