ПРЕСС-РЕЛИЗ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Мемлекеттік көрсетілетін

қызметтердің онлайн

жәрмеңкесі туралы

           

 

         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің ұсынысымен Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл деңгейін арттыруда қолданыстағы тетіктердің бірі мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен тәсілдері туралы халықтың хабардар ету мақсатында Амангелді ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2021 жылдың 5 қазанында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің онлайн жәрмеңкесі өтті. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің онлайн жәрмеңкесінде қатысқан мекемелер: Амангелді ауданы әкімдігінің жер қатынастар бөлімі; кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі; құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі қатысты.

         Онлайн жәрмеңкеге қатысқан мемлекеттік мекемелер көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы баяндама оқыды және тікелей эфирде қойылған сұрақтарға жауап берді.

         Кезекті онлайн жәрмеңке 19 қазан 2021 жылы барлық мүдделі мемлекеттік органдарды, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалын қоса отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында интернет платформа (Зум) және әлеуметтік желілер (Instagram, Фейсбук) арқылы әрбір мемлекеттік органның қызметі тақырыбы бойынша ұйымдастырылады. Онлайн жәрмеңкеге қатысатын мемлекеттік мекемелер: Амангелді ауданының білім беру бөлімі; ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі; жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі; экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі қатысады.

 

 

Амангелді ауданы

әкімі аппаратының

бас маманы                                                                         А.К.Мақатов

Дата публикации
06 октября 2021