Қазақстан Республикасының «Алқабилер туралы» Заңы бойынша Амангелді ауданы бойынша 2022 жылы алқабиге кандидаттардың бастапқы тiзiмiн жасауының күнтізбелік мерзімдері

№

Іс-шаралардың атауы

Орындау мерзімі

Ескертпе

1

Амангелді ауданы алқабиге кандидаттардың алдын ала бастапқы тiзiмiн жасау

13 қыркүйек – 12 қазан  2021 жыл (бір айлық мерзім)

Сайлаушылар тізімінің негізіндегі тізімнен Қазақстан Республикасының «Алқабилер туралы» Заңының 10-бабына сәйкес азаматтар алынып тасталады.

2

Аудан әкімдігі ғимаратында азаматтарды алқабиге кандидаттардың алдын ала бастапқы тiзiмiмен таныстыру.

13 – 19 қазан 2021 жыл

Аудан әкімі аппараты азаматтардың тізіммен танысу мүмкімдігімен қамтамасыз етеді. Қателіктер туралы арыздар қаралады, тізімге өзгерістер енгізіледі.

3

Азаматтардың алқабилерге кандидаттарды іріктеуге қатысуға құқықтарын бұзатын әкімдіктің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану мерзімі.

20-22 қазан 

2021 жыл

Азаматтар әкімдіктің іс-әрекетін (әрекетсіздігін) сотқа шағымдана алады.

4

Әскери сотпен белгіленген көлемде азаматтарды алқабиге алдын ала бастапқы тізімінен кездейсоқ тандау рәсімін өткізу, алқабиге кандидаттардың бастапқы тізімін жасау.

    25-28 қазан

    2021 жыл

Кездейсоқ тандау технологиясы әкімдікпен өз бетінше белгіленеді.

5

Облыс әкімдігіне алқабиге кандидаттардың бастапқы тізімін қағаз және электрондық тасымалдауышта ұсыну

29 қазан

2021 жыл

 

Бастапқы тізім аудан әкімдігінің мөрімен бекітілуге жатады.

Ескерту: Аудан азматтары Амангелді ауданы алқабиге кандидаттардың алдын ала бастапқы тiзiмiмен төмендегі мекен-жайда таныса алады: Амангелді ауылыБ. Майлин көшесі, 14 үй, 3-ші қабат, аудан әкімінің аппараты, байланыс телефоны 22018.

Дата публикации
09 сентября 2021