Амангелді ауданының 2021-2023 жылдарға арналған нақтыланатын Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба

«Амангелді ауданының 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» Амангелді аудандық мәслихатының шешімі аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №421 шешімімен бекітілді.

Аудандық бюджетті нақтылау 2021 жылғы сәуірде жоспарланып отыр.

Аудан бюджетіне түсімдер 3 061 735,5 мың теңгені құрайды, оның ішінде:

Салықтық түсімдер – 399 590,0 мың теңге;

Салықтық емес түсiмдер – 18 237,0 мың теңге;

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 000,0 мың теңге;

Трансферттердің түсімдері – 2 639 908,5 мың теңге;

Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 14 443,0 мың теңге;

Қарыздардың түсімдері – 43 755,0 мың теңге;

Түсімдер бөлігі бойынша өзгерістер күтілмейді.

Кірістер бойынша 2021 жылғы салықтық түсімдер бөлігін 10 000,0 мың теңгеге ұлғайтып отырмыз.

Шығыстардың функционалдық топтары бойынша келесі өзгерістер жоспарланып отыр:

- Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер. Амангелді ауылдық округіне абаттандыруға бөлінген қаражатты 11 000,0 мың теңгеге ұлғайту жоспарлануда.

- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк. Орталық кітапхана ғимаратының жылу жүйесін ауыстыруға, мүмкіндігі шектеулі жандардың қауіпсіздігі мен кіріп-шығуы үшін орнатылатын белгілер орнатуға 2 950 мың теңге сомасында шығыстарды бағыттау жоспарлануда.

- Көлiк және коммуникация. Жолдарды қысқы уақытта күтіп ұстауға және жаз уақыттарында ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1 095,0 мың теңге сомасында шығыстарды бағыттау жоспарлануда.

Дата публикации
05 апреля 2021