Амангелді ауданы бойынша фитосанитарлық жағдайы.

     Филиалдын негізгі нысанасы  өсімдіктерге зиянды  және аса  қауіпті зиянды организмдерінің  даму  мен  таралуына   мониторинг  жүргізуді аудан  бойынша  жүзеге асыру болып табылады. Аудан  көлемінде  аса  қауіпті зиянкестер  саршұнақтар мен тышқандар, үйірлі шегірткелер (итальян прусы, азият шегірткесі), астық алқаптарда кездесетін бидайдың сұр көбелегі тағы басқа зиянкестер, картоп  алқабында  колорад  қоңызының  экономикалық  зиянды  шегі  мен септориз ауруларын, арамшоптердің алып жатқан аумағының  экономикалық  зиянды  мөлшерін  анықтаудамыз.

      Ауданымыздың егістік жерлердің көлемі  жылдан- жылға  ұлғайып,  шарушылық  иелерінің  дәнді- дақылдарды,  көкөністі агротехникалық талаптарға  сай  етіп, баптап және шыққан  өнімді  ысырапсыз  жинап алуға деген  жауапкершіліктері  арта  түсуде. Бұл бағытта  мамандарымыз  үнемі ізденіс үстінде. Өсімдіктерді  қорғау ғылыми негізделген  шара ретінде  ауыл шаруашылығы өсімдіктерін  өсіру технологиясының  құрамына кіреді.  Қазіргі кезде негізгі мәселе ауыл  шаруашылығы өсімдіктерінен тұрақты  түрде  мол өнім алу.

      Биыл аса қауіпті және  зиянды организдердің,  карантиндік нысандардың фитосанитарлық  мониторингі  ауданының  егістік  алқаптарында  және  мемлекеттік  босалқы  жерінде  жүргізіледі, атап  айтқанда:

  • итальян прусы- 404,0 мың га,
  • азиат шегірткесі – 130,0 мың га,
  • астықтың сұр көбелегі – 77,0 мың га,
  • гессен шыбыны – 22,0 мың га,
  • саршұнақ пен тышқандар - 40,0 мың га,
  • колорад қоңызы – 0,067 га,
  • септориоз және тат ауруы - 15,0 мың га,
  • улы кекіре – 20,0 мың  га,               

      Аудан көлемінде бүгінгі  күні  ауыл  шаруашылық  өсімдіктеріне,  жайылым және шабындықтарда үйірлі шегірткелер аса  қауіпті күйінде қалып отыр.  Дегенмен, үйірлі шегірткелер өткен  жылдармен салыстырғанда өткен 2020 жылдың  жазғы  және  күзгі уақытта  үйірлі шегірткедердің  ұшу мен жұмырқа  салу кезінде  анықтау барысында  2021 жылға  болжам нәтижесіне  сүйенсек, өткен  жылдардан  үйірлі  шегіркелердің ошағы  жоғарлауы  байқалады.

      Биылғы  жылға болжам бойынша  ауыл шаруашылық өсімдіктерінің аса қауіпті зиянкестері: итальян шегірткесі 18760 га жерде, оның  ішінде әуеден химиялық өңдеу жүргізуге  10680 гектар, жер үстімен  химиялық өңдеу

8080  гектар жерге  жүргізілетіні  анықталды. Өткен  жылғы аса  қауіпті  шегіртке  қарсы мониторинг жүргізу   қортындысна  сүйенсек  ауданымыздың  егістік  алқапты  жерлердің  аумағынан  қауіп  жоқ.

      Азиялық шегірткелердің өткен  жылғы  ұшу  кезіндегі мониторингі  70,0 гектар  жерде  жүргізілді. Анықтау  барысында  ұшу және жұмыртқа  салу кезінде  қопалар  мен  қамысты  жерлерде    азиалық шегірткенің қоныстану ошақтары анықталмағандықтан биылғы  2021 жылға   химиялық өңдеу болжанған жоқ.

Улы кекіреге қарсы мониторинг 20,0 мың.га жерге жасалады. 344,145 га  зақымдалған оның ішінде 330,2 га  мемлекеттік қосалқы жеріне , ал  қалған 13,945  гектар улы  кекіре ошағы  ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге тиесілі  болғандықтан  өз қаражаттарымен  өңделеді  деп  жоспарланған.

           Сонымен  қатар  мемлекттік босалық жерлері жайылымы шабындықтар маңында  саяқты (жергілікті) шегірткелер көбеюде, оның санын  анықтау  өткен 2020 жылы  5,0 гектар жерге жүргізіліп, биылғы жылға  мониторингтер  нәтижесінде  0,2 гектар босалқы  жерлері  экономикалық  зиянды  шегінен асып  химиялық  жолмен  улауға  жатқызылды. Сондайақ саяқты шегіркелер мен шалғын көбелегін (луговой мотылек), бидайдың зианкестері астықтың жолақ  және сабақ бүргелер(блошка), сұйір тұмсықты қандаланың (остроголовый клоп),бидай трипсі жайлаған жеріне мониторинг жасап , қортындысын шаруа қожалықтарына жібереміз.Егістік алқаптарда сонғы жылдарда бидай трипсының зиянды экономикалық шегінен асқандылығы байқалады.Осы аталған зиянкестердің түрлерімен күрес жұмыстары шаруашылықтардың өз есебінен жүргізіледі.  

      Осы  зерттелген, яғни  істелген  жұмыстардың  барлығы өз уақытында  лабаратория жағдайында  анықталып, мөлшерден тыс экономикалық зиянды   шегінен  асып бара  жатса, аудандық  аумақтық инспекциясы  мен ауыл  шаруашылық  бөліміне және  шаруа  қожалықтарына  дабыл  хабарламасын  жеткіземіз. Шаруашылықтар жіберілген дабыл хабарламада осы  аталған  зиянкестер,  өсімдік  аурулары  және  арамшөптермен  күресу,  оның  алдын  алумен  қатар  уақытты және  қолданылатын  препараттар,  оның  мөлшері  жөнінде  түсініктеме  беріледі.            

      Соңында  айтарым тауар өндірушілердің  өздерінде  аса  қауіпті  және  зиянды  организмдерге  қарсы улы  химикаттардың  аздаған  резервтері  болу  керек,  себебі жазғы  мезгілде ауа температурасының  аптап  ыстық  болуы  немесе ылғалдың  мол болуы, астық дақылдарының  ауруларының  зиянкестердің тез  таралуына  әсер  етеді.

 

«Республикалық фитосанитарлық диогостика және болжамдар

әдістемелік орталығыны» РММ Амангелді аудандық филиалының

басшысы Шекеров.Б.С.

 

Дата публикации
02 апреля 2021