2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, 2020-2022 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларының негізінде жүзеге асырылады.
«Қостанай облысының 2020 – 2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 желтоқсанындағы №454 шешіміне сәйкес облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 2020 жылға 2 млрд. 255 млн. 915 мың теңге сомасында, 2021 жылға 2 млрд. 251 млн. 448 мың теңге сомасында, 2022 жылға 2 млрд. 263 млн. 888 мың теңге сомасында белгіленді.
«Амангелді ауданының 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» Амангелді аудандық мәслихатының шешімі аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №333 шешімімен бекітілді.
«Мәслихаттың 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №333 «Амангелді ауданының 2020 - 2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Амангелді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 шілдедегі №391 шешіміне сәйкес Амангелді аудандық бюджетіне өзгерістер енгізілді.