Үрпек ауылдық округі Амангелді ауданындағы іргелі округтарының бірі.Бүгінде Үрпек ауылдық округінде 1646 халық тұрады. Халықтың экономикалық белсенді тұрғыны 841, 16-29 жастар – 195 адамды құрайды. Үрпек ауылдық округі негізінен мал шаруашылығымен айналысады. 54 шаруа қожалығы және 2 ЖШС тіркелген. Шаруа қожалықтарда мемлекеттік бағдарламаларға «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» , «Игілік», «Іскер» бағдарламаларына белсене қатысушыларының арқасында жылма жыл мал басы артып келеді. Үрпек ауылдық округі бойынша бүгінгі танда төмендегідей мал басы тіркелеген:
Ірі қара – 8534 бас.
Ұсақ мал – 13 029 бас.
Жылқы - 2901 бас.
Түйе – 47 бас.
Көктемгі және күзгі есепте бар барлық мал түрлері жұқпалы ауруларға қарсы егіліп, 1800 бас бұзау бірдейлендіруден өтіп ветернинариялық базаға енгізілді. Мал бордақылау аландарына 143 бас еркек бұқашықтар тапсырылды.
Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының мақсат-міндеттерін халыққа түсіндіру жұмыстары оң нәтижесін берудің арқасында Үрпек ауылдық округінде біршама игі жұмыстар атқарылуда.
Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білім беру мақсатында 2020 жылы Арқалық политехникалық коледжіне қысқа мерзімді қайта даярлау курсына 2 адам жіберілді. Негізінен ауылға қажетті сұранысқа ие аспазшы мамандықтарына жіберіліп, курсты аяқтағаннан кейін өз мамандықтары бойынша «Ұлы-Дала» шаруа қожалығына жұмысқа орналастырылды. 2020 жылға арналған әлеуметтік бос жұмыс орынына Үрпек ауылы бойынша 11 адам, 8 шаруа қожалыққа жұмысқа жіберілді.Ақылы қоғамдық жұмысқа 10 адам тартылды. Ауылдық округі бойынша 44 адам жұмыспен қамтылуы тиіс болса бүгінге текті 60 адам жұмысқа орналастырылды.
Ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік негізде оқыту мақсатында «Бизнес бастау» курстарына 7 адам тартылды. 5 адам ауыл жастары үшін белгіленген грантқа тігінші, шаштараз, ұялы телефон жөндеу, монша жағу, қымызхана, кірпіш құю кәсіптерін ашып жұмыс істеуде. 2020 жылы 1 шаруа қожалығы яғни «Ақжол» шаруа қожалығы, және 4 жеке кәсіпкер «Еңбек» бағдарламасына қатынасып, 14 млн теңге несие алып 30 бас жылқы сатып алды. Бұл бағдарламаның мақсаты жұмыспен қамту деңгейін көтеру, әл-ауқатты арттыруға ықпал ету жұмыссыздықты қысқарту, даму әлеуеті орта және жоғары ауылдарды ынталандыру мақсатында несиелеу арқылы экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсарту. Үрпек ауылы негізінен мал шаруашылығымен айналысқандықтан «Сыбаға», «Еңбек» , «Игілік» бағдарламаларына қатысып жылма-жыл мал басын артырып келеді. «Арнұр» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 8 млн несиеге қол жеткізіп 200 бас аналық қой 10 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды.Сонымен қатар биыл өз қаражаты есебінен 100 басқа мал бордақылау аланының құрлысын салу басталды. Мал бордақылау алаңы 2021 жылы іске қосылады деп жоспарлануда.Үрпек ауылдық округі бойынша 2020 жылы 8 шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алып 94 млн тенге көлемінде инвестиция тартылса, ірі қара малдарды асылдандыру жұмыстарын жүргізгені үшін 25 шаруа қожалығына мемлекет тарапынан 84 939 600 тенге субсидия төленді.
Шағын әсіресе микробизнес еліміздің әлеуметтік экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады.Бүгінде мемлекет тарапынан қаржылай қолдау тауып,шаруасын дөнгелетіп отырған жас кәсіпкерлер қатары артып келеді.Бизнеске бәсекеге қаблетті жастар тәрбиелеу оларға кәсіби білім беру бүгінгі күннің басты талабы. Бәсекелістік болған жерде қашанда жетістіктер болады.
Үрпек ауылдық округінде 1 жалпы білім беретін орта мектеп және 1 бастауыш мектеп оқушыларға сапалы білім санылы тәрбие беруде. Жаңа ауыл жалпы білім беретін орта мектебінде 264 оқушы білім алса,мектепке дейінгі орталықта 101 бала тәрбиеленеді. 0-5 жас аралығында – 140 бала тіркелген.Ағаштыкөл бастауыш мектебінде 1-4 сыныптарда 8 оқушы білім алса,мектепке дейінге орталықта 12 бала тәрбиеленеді. Астана қаласында тұратын ауыл белсенді азаматтары өз қаражаттары есебінен демеушілік танытып мектепке ауданымызда алғашқылардың бірі болып «Турникет» тарту етті. Турникет ата-аналарға балаларының мектепке келіп кетуін,қауіпсіздік шараларын сақтауы туралы ақапарат алып отыру үшін, заманауи қондырғы болып табылады.Мектепке 280 тонна қысқы отын түсіріліп жылу жүйесі қалыпты жұмыс істеуде.
Үрпек ауылдық емханасы күндізгі стациянардан 50 адам тегін ем қабылдаса, есепте тұрған 56 адам тегін дәрі дәрмекпен қамтамассыз етілді. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша медициналық авто пойызбен келген дәрігерлерге 200 адам қабылданып тиісті ем шаралар алды.Флюграфиялық тексеруден аудандық ауруханадан 450 адам өтті. Есепке 32 жүкті әйел тіркеліп 32 сәби дүниеге келді.
2019 жылы Үрпек ауылында қаржы тапшылығынан атқарылмай жатқан жұмыстарды атқару мақсатында «Үлесім саған-Үрпегім» атты қор құрылып біршама жұмыстар атқарылған болатын.Биылғы жылыда осы қор ауыл жастарының қолдануын тауып, «Сарбас Қажы» мешіті толықтай күрделі жөндеуден өтті және қырғы қорым толықтай темір шарбақпен қоршалып игілікті жұмыстар атқарылды.
Үрпек ауылдық округі бойынша салық төлемдерін ауыл тұрғындары уақытында төлеуге қол жеткізудін арқасында жергілікті өзін-өзі басқару шотына жалпы түскен түсім 2 600 000 тенге.
Жер салығы- 163 мың тенге 100 %
Мүлік салығы – 62 мың тенге 100 %
Көлік салығы - 2 млн 375 мың тенге 100% орындалды.
Үрпек ауылдық округі бойынша 1 ауыл клубы, 3 кітапхана, 1 спорт зал,спорт аланы қалыпты жұмыс істеп келеді.Биыл әлемде болған пандемияға байланысты мәдени іс-шаралар онлайн түрінде жүргізіліп келді. Облыстық термешілер байқауында Жәркен Жадыра,Әлібек Қарлығаш қатысып дипломдармен марапатталса, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған онлайн байқауларына қатынасқан Балахметов Серікболсын,Хайролла Талшын 1 орын иеленді. Аудандық «Берекелі ауыл-мерекелі ауыл» атты ауыл мәдениет әдіскерлерінің арасында бес кезеннен тұратын онлайн байқауында Үрпек ауылы бас жүлдеге ие болды.Ауыл кітапханашысы Нұржанова Майраш мәдени іс-шараларын тек онлайн түрінде жүргізі отырып, біршама игі жұмыстар атқара білді.Жерлес жазушы Сабит Досановтың мерей тойына Абай Құнанбаевтың 175 жыл, Әбунасыр Әл Фарбидың 1150 жыл,жазушы қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың 120 жыл, «Тұнғыш президент күніне» орай «Ел тірегі Елбасы» тақырыптарында слайд көрмелер жасалынып халыққа ұсынылды. 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнінде «Рухани-Жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Ұлы даланың Ұлы есімдер» атты байқауда ауыл кітапханашысы Нұржанова Майраштың еңбегі бағаланып «Ең үздік онлайн іс-шара» номинациясына ие болды.
Құрметті ауылдастар!!!
Сөзімнің соңында Үрпек ауылдық округі тұрғындары мемлекетіміздің халық үшін,халықтың игілігі үшін жасалынып жатқан бағдарламаларды игі бастамаларын қолдайды және белсенділік танытып,еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеруге, ат салысады деп сіздерді сендіремін.
Халықтың ұсыныстарын, ескертулерін,пікірлерін жинауға арнайы жәшіктер Үрпек ауылдық дәрігерлік амбулатория және мектеп ғимараттарында, Ағаштыкөл ауылында мектеп ғимаратында,Қосжан ауылында Танатбаев Жұмағали және Қарашатөбе ауылында Жақыбаев Тақанның үйінде орналастырылды.