2020 жылдың қараша айына текті «Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларбөлімі» КММ-не жасалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

2020 жылдың қараша айына текті «Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларбөлімі» КММ-не  жасалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

 

«23» қараша 2020 жыл                                              

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі:

2020 жылдың 01-20 қараша аралығы.

Талдау уақыты: 2020 жылдың қаңтар-қараша айлары.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйырғы негізінде мына бағыттар бойынша жүргізіледі:

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бағыттары:

  • мемлекеттік қызмет көрсету сапасы;
  • рұқсат беру-бақылау функциялары;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы;

         4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты және Әдеп кодексі нормаларының сақталуы;

         5) персоналды басқару тиімділігі;

         6) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша.

         «Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің(әрі қарай-бөлімі),  қызметін қамтамасыз ететін ҚР мемлекеттік органы болып табылады. Бөлім өз қызметін ережеге сай жүзеге асырады.

  1. Бөлімде 18 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Жие көрсетілетін қызметтер;

         1) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» қызметі;

         2) «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»;

         3) «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама»;

Бөлімде  2020 жылы 25072 мемлекеттік қызмет көрсетілді, қызмет көрсету мерзімдері мен бизнес-процестері сақталған.

Бөлімде бас маманның лауазымдық нұсқаулығында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жауаптылық бекітілген. Мемлекеттік қызмет алушыларға қажетті ақпараттық мәліметтер қабырға стендіне ілінген, қызметтерді сапалы және қолжетімді көрсетуге жағдай қаралған.

Стандартымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды талап етуге жол берілмеген, Жауапты мамандардың қызмет көрсету стандарттарында көрсетілген жұмыс кестесін сақтамау оқиғалары орын алған жоқ.

Шағымдану фактілері анықталмады.

  1. Рұқсат беру-бақылау функциялары жоқ.
  2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы.

Есепті кезең бойынша азаматтардан келіп түскен 16 өтініш қаралған. Жеке тұлғалардан 13,   заңды тұлғалардан 3. Барлық өтініштер белгіленген тәртіпте қаралған. Азаматтарды қабылдау кестесі бекітілген, сенім телефоны жұмыс істейді.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты және Әдеп кодексі нормаларының сақталуы.

         Бөлімде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын Әдеп кодексі нормаларының талаптары, мемлекеттік қызметшінің статусына байланысты қабылданған шектеулер сақталады. Талдау жүргізудегі тексеру уақытында тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар жоқ. Мекеме қызметкерлері арасында туысқандық мүдделер қақтығысы жоқ.

  1. Персоналды басқару тиімділігі.

Бөлімдегі   әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 6. Тексеру уақытында мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымы тіркелмеген. Бөлім басшысы 1,  сектор менгерушісі 2, бас маман 2, жетекші маман 1 және  штатан тыс қызметкерлер 6 (жүргізуші 1, методист 1, келісім шартпен жұмыскер 2, еден жуушы 1) еңбек етеді.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша.

         Бөлім қызметкерлері бойынша есепті мерзім ішінде БАҚ-да сынау мақсатында жариялымдар болған жоқ.

         Талдау уақыты аралығында  қабылданған құқықтық актілер:

         Бұйрықтар-77,  оның ішінде жеке құрам   27, негізгі қызмет бойынша 50.  Жоғарыда көрсетілген бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға әкеп соғатын дискреттік құзыреттері мен нормалары табылмады. Барлық актілер заңнамалық нормалармен ҚР Заңдарына сай.

         ҚОРЫТЫНДЫ: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелетін факторлар жоқ.

         ҰСЫНЫСТАР: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында;

         - Мемлекеттік қызмет, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша сұрақтарды үнемі бақылауда ұстау;

         - қолданыстағы және өзгерістер енгізілген заңнамалармен таныстыру.

        

         Жұмысшы топтың төрағасы                             А. Шукенов

 

         Жұмысшы топ мүшелері                                  Д. Токтаров

 

                                                                                     Ж. Кусаинов

 

                                                                                     А. Қайырбеков

 

                                                                                     Г. Хамитов

 

                                                                                     М.Талканов

Дата публикации
15 декабря 2020