2020 жылдың қазан айына текті «Амангелді ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ-не жасалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

 2020 жылдың қазан айына текті «Амангелді ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»КММ-не  жасалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

 

«23» қазан 2020 жыл                                       

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі:

2020 жылдың 01-20 қазан аралығы.

Талдау уақыты: 2020 жылдың қаңтар-қазан айлары.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйырғы негізінде мына бағыттар бойынша жүргізіледі:

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бағыттары:

  • мемлекеттік қызмет көрсету сапасы;
  • рұқсат беру-бақылау функциялары;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы;

     4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты және Әдеп кодексі нормаларының сақталуы;

     5) персоналды басқару тиімділігі;

     6) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша.

         «Амангелді ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің(әрі қарай-бөлімі),  қызметін қамтамасыз ететін ҚР мемлекеттік органы болып табылады. Бөлім өз қызметін ережеге сай жүзеге асырады.

Бөлімде 10 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Барлық 37 қызмет «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау» қызметінде көрсетілді, қызмет көрсету мерзімдері мен бизнес-процестері сақталған.

Бөлімде бас маманның лауазымдық нұсқаулығында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жауаптылық бекітілген. Мемлекеттік қызмет алушыларға қажетті ақпараттық мәліметтер қабырға стендіне ілінген, қызметтерді сапалы және қолжетімді көрсетуге жағдай қаралған. Стандартымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды талап етуге жол берілмеген, Жауапты мамандардың қызмет көрсету стандарттарында көрсетілген жұмыс кестесін сақтамау оқиғалары орын алған жоқ.

  1. Рұқсат беру-бақылау функциялары жоқ.
  2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы.

          Есепті кезең бойынша азаматтардан келіп түскен 30 өтініш қаралған. Жеке тұлғалардан 30,   заңды тұлғалардан жоқ. Барлық өтініштер белгіленген тәртіпте қаралған. Азаматтарды қабылдау кестесі бекітілген, сенім телефоны жұмыс істейді.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты және Әдеп кодексі нормаларының сақталуы.

         Бөлімде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын Әдеп кодексі нормаларының талаптары, мемлекеттік қызметшінің статусына байланысты қабылданған шектеулер сақталады. Талдау жүргізудегі тексеру уақытында бөлімнің  қызметшілері тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған. Мекеме қызметкерлері арасында туысқандық мүдделер қақтығысы жоқ.

  1. Персоналды басқару тиімділігі.

Бөлімдегі әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 3. Тексеру уақытында мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымы тіркелмеген. Бөлім басшысы 1, бас маман1,жетекші маман 1 және  штатан тыс қызметкерлер 4 еңбек етеді.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша.

         Бөлімқызметкерлері бойынша есепті мерзім ішінде БАҚ-да сынау мақсатында жариялымдар болған жоқ.

         Талдау уақыты аралығында  қабылданған құқықтық актілер:

         Бұйрықтар-53, оның ішінде жеке құрам 25, негізгі қызмет бойынша 28. Жоғарыда көрсетілген бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға әкеп соғатын дискреттік құзыреттері мен нормалары табылмады. Барлық актілер заңнамалық нормалармен ҚР Заңдарына сай.

         ҚОРЫТЫНДЫ:Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелетін факторлар жоқ.

         ҰСЫНЫСТАР:Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында;

         - қолданыстағы және өзгерістер енгізілген заңнамалармен таныстыру;

         - мемлекеттік қызметшілерді уақытылы біліктілігін арттыруға жіберу.

 

         Жұмысшы топтың төрағасы                             А. Шукенов

 

         Жұмысшы топ мүшелері                                  Д. Токтаров

 

                                                                                     Ж. Кусаинов

 

                                                                                     А. Қайырбеков

 

                                                                                     Г. Хамитов

 

                                                                                     Т. Турганов

Дата публикации
15 декабря 2020