Ақсай ауылы әкімінің тұрғындармен кездесуі туралы

   04 шілде  сағат 1000-де  ауыл әкімі  «Таза  Қазақстан» ациясы  аясында  ауыл тұрғындарымен  Елді мекенді  абаттандырудың  жаңа  қағидаларын түсіндіру  бойынша  кездесу  отырысын  өткізді. Кездесу барысында сәуір  айынан  бастау  алған  акция  аясында  бірнеше айдармен апталық іс-шаралар  мамыр айының ортасына дейін өткізілгенін, барлық атқарылған  жұмыстар бірнеше әлеуметтік желілерде жарияланғанын хабарлады. Енді ол жұмыстар акциямен шектелмейтінін, әрбір адам баласы экологиялық құндылықтарды білу керектігін, экологиялық мінез-құлық қалыптасу керектігін түсіндірді. Таза қазақстан атауымен көлемі үлкен баннер кіре беріс көшеге орналастырылатынын, бұқаралық ақпарат құралдарына  материалдар жарияланатынын, экологиялық рейдтер жүргізілетінін, конкурстар өткізілетінін хабарлады. Жалпы ауыл тазалығына, табиғатты қорғап қамқорлықты күшейтуге шақырды.      

 

 

Ақсай ауылы әкімі аппараты

 

Дата публикации
04 июля 2024