«Өлкем менің мақтанамын өзіңмен»
Маусым айының соңғы күндері Ақсай ауылдық кітапханасында оқырмандармен «Өлкем менің мақтанамын өзіңмен» атты танымдық тәрбие сабағы ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты жас ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеп, бай-қуатты ел екендігімізді мақтан етуге үйрету, туған еліне деген, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру және қастерлеу. Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты тұлғаларының еңбектерін бағалауға, ата-бабамыздың мұра қалап қалдырған тарихи салт-дәстүрлерін өнеге ету, тұрмыста қолдана білуге шақыру. Жастарды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, жалпы патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.
Ақсай ауылы әкімі аппараты