Түлектерге 45 жыл

                                      Түлектерге  45  жыл

 

            10 маусым күні Ақсай ауылына Бүйректал жалпы білім беретін мектебін 1979 жылы бітірген түлектер 45 жылдықтарын атап өтуге ат басын бұрды. Атамекендерін сағына жеткен түлектердің бас қосулары  ерекше сезімге толы болды. Бүгінде біреулері зейнеткер, қайсібірі әр жақта әр салада еңбек етіп жатқан азаматтар мен азаматшалар осыдан бес жыл бұрында ауылдағы мектеп қабырғасындағы спортзалдың күрделі жөндеу жұмыстарына ат салысып терезелерін салып берген болатын. Бұл жолы да бос қол келмеді. Мектепке 2 тақта, музикалық орталық, 2 глобус, 2 карта, 4 волейбол добын сыйға тартты. Сонымен қатар ағаш көшеттерін отырғызды. Мектеп ұжымы мен оқушылар, ауыл өнерпаздары өз кезегінде концерттік бағдарламаларын ұсынып, түлектерді биге шақырып бір қуанытп тастады. Осындай игі істер болашақ ұрпаққа үлгі болсын деп тілейміз

 

Ақсай ауылы әкімі аппараты

Дата публикации
13 июня 2024