Ақсай ауылының тумасы, 1999 жылы осы ауылдағы Бүйректал орта мектебін бітірген Иксанов Нұрлан Тұрсынтайұлы Қостанай қаласында тұрады. Мектеп бітіргеніне 25 жыл толуына орай Қостанай-Ақсай бағыты бойынша 23-25 мамыр аралығында ауылға 300 км. қашықтық жолды 3 күнде жүгіріп отырып 25 мамыр күні ауылға табан тіреді. Жол бойы туыстары мен құрдастары, замандастары мен ауылдастары ауылға дейін жолсерік болып еріп жүрді. Ауылда ауыл тұрғындары қошеметпен қарсы алып, ауыл өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынып марафоншы жігітімізді бір қуантып тастаса, ел ағалары астына ат мінгізіп, бірнеше жылқы атап, ұстіне шапан жауып, жанына еріп келген жолдасына ірі қара малын сыйға тартты.