9 мамыр - Ұлы Жеңіске 79 жыл

9 мамыр - Ұлы Жеңіске 79 жыл

       Бүгін  Ақсай  ауылы тұрғындары  Ұлы Жеңіс  күнін  атап өту және соғыста опат болған, хабар-ошарсыз кеткен және соғыстан оралып бейбіт уақытта қайтыс болған майдангерлерді еске алу мақсатында Отан қорғаушылар ескерткішіне  жиналды. Салтанатты шеру және оқушылар тарапынан шағын қойылым ұйымдастырылды. Еске алу бойынша 5 минуттық үнсіздік жарияланды. Ауыл әкімі Б. Атаев, ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірбек Сыздыков, ақсақалдар алқасының төрағасы Мақмұт Хасенов, Бүйректал жалпы білім беретін мектебінің директоры Айман Баймағанбетова  құттықтау тілек сөздерін жолдап, өткен өмір өрнектерінен естеліктерін ортаға салды. Соңында дұға бағышталып, гүл шоқтары қойылды.

Дата публикации
09 мая 2024