«Жасыл аймақ» апталығы туралы

  Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Жасыл аймақ»  апталығы  бойынша Ақсай ауылында «Жастар»  саябағына  20  түп  ағаш  көшеттері отырғызылды. Саябақтағы бұрнағы ағаштар түптеліп қопсытылды. Абай көшесі бойындағы және  «Отан қорғаушылар» ескерткіші төңірегіндегі ағаштарда түптеліп әктелді. Саябақ ішіндегі және ескерткіш алдындағы гүлзарлар да жөнделіп, қопсытылып, жан-жағы әктелді. Жалпы әктелген ағаштар саны  48. Ұйымдастырылған мәдени іс-шараға  ауыл әкімі аппараты  мен  мекемелік мамандар, қызметкерлер  тартылды.   

Дата публикации
30 апреля 2024