22 сәуір – аудан басшылығының Ақсай ауылына сапары туралы

            Аудан әкімі Т. Карбозовтың  басшылығымен  аудан әкімі орынбасары М. Қаласов, аудандық мәслихат хатшысы Қ. Кеделбаев су тасқыны кезінде үйлерін, аулаларын су басқан  ауыл тұрғындарымен  кездесіп, жай-күйлерімен танысты. Жеке-жеке  әрбір  үйлердің  іші-сыртын қарап, аулаларын аралап, кеңестер беріп,  аяқ астынан келген апаттың зардабы еліміз бойынша үлкен шығындар әкелгенін, соған қарамастан  Президентіміздің тікелей басшылығымен  келтірілген залалды жою және қалпына келтіру бойынша қызу жұмыстар жүріп жатқанын, өтемақы ретіндегі біржолғы төлемдер көлемі мен  үй-жайға келген шығындардың өтелуі туралы да түсіндірме жасады. Иесі қайтқан жылжымайтын мүлік иелеріне тез арада құжаттарын дайындап  тиісті мекемеге тапсыру керектігінде айтып өтті. Аудан басшылығының сапарына тұрғындар ризашылығын білдіріп жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

 

Дата публикации
24 апреля 2024