23 наурыз - Тазару күні
Наурыз мерекесінің атап өтілуі Ақсай ауылы бойынша өз шегіне жетті. Бүйректал жалпы білім беретін мектебінде 11-ші наурыздан, Ақсай ауылы әкімі аппараты мен өзге мекемелерде 14-нен бастау алған ұлыс мерекесі ауқымды түрде аталып өтті. Бүгін мерекелік іс-шараның соңғы тарауы – Тазару күні болып жарияланды. Бұл күні барлық мекемелік мамандар ғимарат алдын қалың қардан тазартты. Күн райы да жылылық танытып, адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Бұл да болса асарға татитын қайырымдылық іс-шара. Биыл көктем кеш келді.