22 марта – Празднование Нового года в селе Аксай.

22 наурыз  -    Жыл басы мерекесінің Ақсай ауылында тойлануы

           Наурыз – жыл  басы. Қыстың көбесі сөгіліп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын, табиғат-әлем көгеріп, көктейтін шақ. Қыстың қыспағынан құтылған  ақсайлықтар арқа-басы кеңейіп, мейрам-шаттыққа кенеліп, ел болып  Әз Наурыз мерекесін  атап  өтуде. Мектеп ғимаратының  спорт  залына жиналған  тұрғындарға ыстық қазақы ет дастарханы тартылды. Қазақтың  ұлттық  тағамдарынан тартылған қуырдақ, құйрық-бауыр, сары май, ақ май, қаймақ, торта, ақ құрт, қара құрт, сүзбе, бұжыма, жент, сүр еті, жая, шұжық, қазы, қарта, жалы, құрт көже, өкпе-бауыр, ми палау, ірімшік, айран, қымыз, шыжық, малта, ежігей, талқан, көже, таба нан, бауырсақ, тоқаш, құймақ, қиықша, май шелпек және тәттілер көздің жауын алады. Ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасы өз алдына бір төбе, ұлттық спорт ойындарынан сайыстар ұйымдастырылды. Қазақша күрес, кір тасын көтеру (24 кг), қол күрес, арқан тартыс өз жеңімпаздарын анықтады. Жүлдегерлер  ақшалай  марапатталды. Ерекше ат салысқандарда марапаттан құр қалған жоқ. Мерекенің басты демеушілері ауылдағы барлық шаруа қожалықтары. Ұйымдастырушылар мен ат салысқандар ауыл әкімі аппараты мен мектеп ұжымы, мекемелік мамандар. Той соңы Наурыз батамен ұласты. Кешке ауыл жастарының көңілді кеші жалғасын табады.

Наурыз баршаңызға құт әкелсін, ағайын!

 

 

Дата публикации
23 марта 2024