20 наурыз - Ұлттық спорт ойындарының өткізілуі
Бүгін Бүйректал жалпы білім беретін мектебінде Наурыз мерекесі мектеп бойынша ауқымды түрде аталып өтті. Мектептің спорт залына кигіз үй құрылып, ақ дастархандар жайылып ұлттық тағам түрлері назарға ұсынылды. Ұлттық киім үлгісінде келген барлық қатысушылар ыстық астан дәм татып, наурыз көжеден ауыз тиді. Ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, асық ойнау, қол күрес, арқан тартыс және ойындарына қатысушылар көрермендердің қошеметіне бөленді. Барлық сынып оқушылары толық тартылды. Жеңімпаздар құрметтеліп марапатталды.