19 наурыз - Жаңару

19 наурыз  -   Жаңару

          Тарихы тереңде жатқан  қазақ халқының  салт-дәстүрлері жыл сайын  күнтізбе  парақшасы бойынша аталып та, насихатталып та келеді. Соның бір айғағы - басты  ұлттық мереке – жыл басы Наурыз мерекесі. Биыл Ұлыс мейрамы жаңаша, кең ауқымды көлемде аталып өтуде. 14-ші наурыздан бастап бастау алған  мереке Ақсай ауылында да  күн сайын жалғасын табуда. Бүгін Жаңару күні. Ауылдағы  барлық мекемелердің басшылары, мамандары мен қызметкерлері Ақсай ауылы әкімі аппаратында дөңгелек стол басында бас қосты. Идеологиялық  мәні зор отырыс  тақырыбы  «Наурыз – еліміздің жаңа тарихындағы кең ауқымды қайта құруларға жол ашқан жаңа саяси дәуірдің бастамасы». Қатысушылар ұлттық киім үлгісінде  болды.

Дата публикации
19 марта 2024