Шаңырақ. Наурыз бата
17 наурыз күні тарихи ұлттық салт-дәстүрге сәйкес Ақсай ауылында құрылған алты қанатты ақ үйдің іші дүрбелеңге толы болды. Ұлыс мерекесін кеңінен насихаттау мақсатында ақ дастархан басында ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы, зейнеткер Сыздыков Өмірбек Байгөбенұлы көпшілікке өзінің Наурыз батасын жолдады. Әз Наурыз – бұл наурыз биыл ерекше аталып өтіп жатқанын тілге тиек еткен ақсақал бата соңында «Әділ істің – арты игі» деп өз сөзін аяқтады.