01 наурыз – Алғыс айту күні
2024 жылдың 01 наурызы күні Ақсай ауылының әкімі Б. Атаев және ауылдық медпункт меңгерушісі К. Ибраева ауылдағы қарт кісілерді аралап, амандық білісіп, денсаулықтарын сұрап, бағалы сыйлықтарын таратты. Бүгінде 85 жасқа келіп жатқан Бимағанбетова Мағрипа әжей, 82 жастағы Хасенова Мәруса әже, 74 жастағы Байтасова Жамал әже қуаныштарын жасыра алмай баталарын беріп жатты. Әңгіме барысында әжелер өткен өмір жолдарының есте қалған естеліктерінен сыр шертті.