Біздің мақтаныштарымыз!

Біздің мақтаныштарымыз!

          30  қаңтар  күні  Астана  қаласында  «Бала Жайдарман» «Маусымашар-2024»  оқушылар арасында  республикалық фестивалі  болып өтті. Аталмыш сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен  командалар қатысып өз бақтарын сынады. Солардың ішінде Амангелді ауданынан  Ақсай  ауылының Бүйректал жайдарманшылар командасы лайықты түрде өнерлерін ортаға салды. Нәтижесінде  мақтаныштарымыз  Алматы  қаласына  жолдама алды. Командада 7 сынып оқушыларынан 5 ер бала қатысты. Олар: Жанберік Дүйсенбайұлы, Асылбек  Амантайұлы, Айбар Бауыржанұлы, Батырбек Бағадатұлы  және  Думан Жанәліұлы. Оларды дайындаған және бастап барған ұстаздары Өтелбай Шыңғыс Саматұлы мен Жақсылық Ерхан  Жамбылбекұлын   шәкірттері төмен қаратпады. Барлық  шығынын  ата-аналары мен ауыл тұрғындары, сырт жерлерде жүрген  ауыл тумалары мен жекелеген кәсіпкерлер  көтерді. Астана қаласында тұрып жатқан ауылдастарымыз күн сайын ыстық ас дастархандарын ұсынып жатты. Қостанай қаласындағы жерлестерімізде алыс сапардан келе жатқан жас өрендерді әуендетіп қарсы алып жатты. Барлығына алғыс білдіреміз! Алда үлкен сынақтан сүрінбей өтулеріне тілектеспіз!

 

 

Ақсай ауылы әкімі аппараты

Дата публикации
02 февраля 2024