
Атаулы әлеуметтік көмек округтің аз қамтылған отбасыларына көрсетіледі. Ағымдағы жылдың басынан бастап 3 отбасы көмек алды. "Қоғамдық жұмыстарды орындау бойынша қызметтер көрсету туралы" шартқа сәйкес жыл басынан бері 6 адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды, келісім шарт аяқталғаннан кейін ЖШС, ШҚ, ЖК-ге жұмысқа орналастырылады. Бүгінгі таңда жұмыссыз ретінде 29 адам тіркелген.
Ауылдық округ аумағында 396 зейнеткер, 72 мүгедек, оның ішінде 7 бала тұрады. Жалғыз басты азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша округте 8 адамға қызмет көрсететін 3 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді.