Ауданның мәдениет мекемелерінің желісі 14 кітапхана мен 11 клуб мекемелерінен тұрады.
Ауданда тарихи – мәдени мұраны сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде, 3 ескерткіш мемлекеттік қорғауда (Ы. Алтынсарин мүсіні, Қазақстанның халық ақыны О. Шипиннің бейіті және Шоқай әулие бейіті).
"Қазақстанның киелі географиясы" жобасы бойынша Қостанай облысының киелі объектілерінің картасына енгізілді – Ыбырай Алтынсариннің туған жері, Шоқай Балқанұлы жерленген және тазы би жерленген.
Ауданда ақпараттық саясатты "Таза бұлақ – Чистый родник" аудандық газеті жүргізеді, аптасына бір рет шығу жиілігі, таралымы 700 дана.