
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру атқарушы органдардың қызметіндегі басымдықтардың бірі болып табылады.
"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы" шеңберінде 619 адам жұмыспен қамтуда көмек алды немесе 118% жоспар (жоспар - 524 адам) оның ішінде: "Бастау-бизнес" оқытуға ағымдағы кезеңде 99 адам бағытталды, 41 шағын несие (жоспар – 29 адам) және жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға 14 грант берілді (жоспар – 8 адам).)
Әлеуметтік жұмыс орындарына 21 адам жоспар бойынша 32 адам жұмысқа орналастырылды, 3 млн.379 мың теңге игерілді, жастар практикасына 17 адам жоспар бойынша 20 адам немесе 111,7% жіберілді, 6 млн. 507 мың теңге немесе 101,1% игерілді.
Кәсіптік оқыту мен біліктілігін арттыруға 27 адам жіберілді және 100% игерілді.
Техникалық оқытуға 2 жыл 10 ай мерзімге (ТжКБ) 14 адам немесе 100% жіберілді. Қоғамдық жұмыстарға жоспар бойынша 60 адам қатыстырылды. Бос жұмыс орындарына 262 адам жұмысқа орналастырылды (жоспар – 286 адам), мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында жүзеге асырылатын жобаларға 32 адам немесе 100 адам жұмысқа орналастырылды%
Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2020 жылдың 1 қаңтарына – 0,4% (2019 жылдың 1 қаңтарына – 0,4%), облыс бойынша – 0,6% құрады.
Барлық меншік түріндегі кәсіпорындармен 362 жаңа жұмыс орны ашылды.
Қоныс аудару картасына сәйкес біздің ауданымызға 2019 жылы 6 отбасы немесе 28 адам келді, 2020 жылы ауданға 5 отбасы немесе еліміздің еңбек күші мол облыстарынан 20 адам қабылдау жоспарланған.
2019 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 168 отбасына (767 адам оның ішінде 431 бала) 70 млн.997 мың теңгеге тағайындалды.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 9 млн.016 мың теңге сомасына 150 мұқтаж азамат әлеуметтік көмек алды.
Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша 447 мың теңге сомасына 10 мүгедек балаға әлеуметтік көмек көрсетілді.
2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте орташа айлық жалақы өткен жылмен салыстырғанда 6,8% - ға өсіп, 94387 теңгені құрады.(2018 жыл - 88307 теңге). Облыс аудандары мен қалаларының арасында 20-шы орында тұр.