
Ауданда дене шынықтыру ұжымдарының 55 бірлігі бар( ҚБК), оларда шұғылданатын адам саны 4355 адамды немесе халықтың жалпы санының 31,5% құрайды.
Аудан аумағында 100 спорт ғимараттары бар, олардың жалпы өткізу қабілеті 1831 адамды құрайды, балалар – жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) жұмыс істейді, онда спорттың 10 түрі (жеңіл атлетика, қазақ күресі, еркін күрес, волейбол, футбол, бокс, шаңғы жарысы, гір спорты, тоғызқұмалақ, хоккей), шұғылданушылар саны 448 оқушы. Спорт кешенінде күндізгі уақытта кестеге сәйкес күш құрылымдары қызметкерлерінің арасында жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтар өткізіледі, оқушыларға (7-16 жас) оқу-жаттығу сабақтары өткізіледі. Кешкі уақытта күрес және спорттың ойын түрлері бойынша жаттығулар өткізіледі.
Аудан спортшылары барлық кешенді спорттық іс-шараларға белсенді қатысады, сондай-ақ облыс біріншіліктері мен турнирлерінің чемпионаттарына барады, 2019 жылы әр түрлі деңгейдегі жарыстарда, спорттың әр түрі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер болды.