Алтынсарин ауданы әкімінің хабарламасы
Алтынсарин ауданы Свердловка ауылы әкімінің сайлауын тағайындауына байланысты және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабы 5-тармағына сәйкес Алтынсарин ауданының Свердловка ауылы аумағында құрылған сайлау учаскесінің шекарасы туралы сайлаушыларды хабардар етемін:
Сайлау учаскесінің шекарасы
№ 189 сайлау учаскесі
Шекарасында: Свердловка ауылы.
Дауыс беру үшін учаскенің орналасқан жері: Свердловка ауылы, Целинная көшесі, 1 үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Свердлов жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты, тел.33-7-58.
Алтынсарин ауданының әкімі А. Сартов