Қостанай облысы Алтынсарин ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Алтынсарин ауданы Свердловка ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫСЫ.

ҚАУЛЫ

Қостанай облысы Алтынсарин ауданының

аумақтық  сайлау комиссиясы

 

«Алтынсарин ауданының Свердловка ауылы  әкімін сайлауды

тағайындау туралы»

 

     Обаған ауылы                                               №  1                                  «23» сәуір  2025 жыл

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабы 1 тармағының  1 тармақшасына сәйкес Алтынсарин ауданының аумақтық сайлау   комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алтынсарин ауданының Свердловка ауылы  әкімінің сайлауы 2025 жылдың 1 маусымына тағайындалсын.
  2. 2025 жылдың 1 маусымына тағайындалған Алтынсарин ауданының Свердловка ауылы  әкімінің сайлауын дайындау  және  өткізу бойынша негізгі іс- шараларының Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Алтынсарин аудан әкімдігінің интернет –парақшасына және аудандық «Таза бұлақ- Чистый родник» газетінде жариялансын.

 

Сайлау комиссиясының төрағасы                                                 С. Тарасова

Дата публикации
23 апреля 2025