Қостанай облысы Алтынсарин ауданының ауылдық округтері мен ауыл әкімдерін сайлау бойынша аудандық "Таза бұлақ-Чистый родник" газетінің баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер

Қостанай облысы  Алтынсарин ауданының ауылдық округтері

мен ауыл әкімдерін сайлау бойынша аудандық "Таза бұлақ-Чистый родник" газетінің

баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер

           Аудандық "Таза бұлақ - Чистый родник" газетінің редакциясы тиісті сайлау комиссияларына сайлау алдындағы науқан туралы хабарламалар мен ақпараттар жариялауға мүмкіндік береді.

          Редакция  кандидаттың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіре отырып үгіттік баспа материалдарын жариялаудан қалыс қалады, кандидаттарға ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау үшін теріске шығаруды өтініш келіп түскеннен кейін сол бетте, сол көлемде және сол қаріппен таяу нөмірде тегін жариялауға мүмкіндік береді.

         Редакция шарт негізінде барлық тіркелген Алтынсарин ауданының ауылдық округтері  мен ауыл әкімдеріне  тіркелген  кандидаттарға бірдей шарттарда баспа алаңын ұсынады. Кандидаттардың материалдарын жариялау кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен белгіленеді.

        Үгіт материалдарын орналастыру және әзірлеу бағалары.

        Сайлау алдындағы үгіт-насихатта тең жағдай жасау мақсатында науқандар көлемі 1 ш.см. кандидаттардың сайлау алдындағы материалдарын орналастыру құны - 200 теңге.

       Материалдарды әзірлеу құны-орналастыру құнының 50%.

       Сайлау комиссиясының материалдарын орналастыру құны 1 шаршы см. үшін- 185 теңге. Алаңның құны, егер төлем Мемлекеттік қаржыландыру қаражатынан жүзеге асырылған жағдайда түзетілуі мүмкін.

 

«Таза бұлақ-Чистый родник»

ЖШС директор- бас редакторы                                                                          Б.О. Бидаулетова

Дата публикации
02 февраля 2024