2023 жылғы 5 қарашада өткен Қостанай облысы Алтынсарин ауданыныңәкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2023 жылғы 5 қарашада Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 8566 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 4934 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 7, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс –75 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны -3.

Алтынсарин аудан әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Оразбаев Г.Ә. үшін сайлаушылардың 291 дауысы берілді,

Сартов А.М.  үшін сайлаушылардың 3809 дауысы берілді.

Сейдахметов Б.К.  үшін сайлаушылардың 534 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 221.

Сайлау қорытындылары бойынша Алтынсарин ауданының әкімі болып Сартов Арнұр Маратұлы сайланды, 1987 жылы туған, Алтынсарин ауданының әкімі, Алтынсарин ауданында тұрады.

 

Алтынсарин

аумақтық сайлау комиссиясы

хабарлама
Дата публикации
06 ноября 2023