www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету және алу бойынша Нұсқаулығы

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың әлеуметтік құқықтарын растау жөніндегі сұрау салулар (еңбек өтілі, жалақы мөлшері, отбасы құрамы, білімі және т.б.) көрсетілетін қызметті берушілері мемлекеттік архивтер болып табылатын "архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге жатады.

"Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы" ММ (бұдан әрі – Басқарма) құжаттардың мемлекеттік сақталуын қамтамасыз етпейді, бұл функция Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағаттарының, құжаттары әкімшілік-аумақтық тиесілігі бойынша қалыптастырылатын мекемелердің, кәсіпорындардың ведомстволық мұрағаттарының қызметі болып табылады.

Сіздерге қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы "Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты"КММ және оның филиалдарына азаматтардың әлеуметтік құқықтарын растау бойынша сұраулар Жолдауды ұсынамыз.

 

www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету және алу бойынша Нұсқаулығы
Дата публикации
30 июня 2022